Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жедел жәрдемдегі» наурыз мерекесі

«Жедел жәрдемдегі» наурыз мерекесі

10 Сәуір 2014

Наурыз мерекесі - жер бетіндегі көне мейрамдардың бірі.  Бұл мейрам Орталық Азияның көптеген елдерімен және кей мәліметтер бойынша шығыс славян елдері арасында табиғаттың жаңаруы және  көктем мерекесі ретінде 5 мыңнан аса жылдар тойланып келеді.

 Мереке күніне орай  20 - мамыр  Облыстық жедел медициналық көмек станциясы (ОЖМКС) базасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламада  Қарағанды қаласының ОЖМКС  барлық қосалқы станция қызметкерлері мен ҚММУ «Жедел және кідіріссіз медициналық көмек» кафедра қызметкерлері мен  «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттері белсенді ат салысты. 

  Мерекеге арнайы Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы медициналық мекемелерінің ардагерлер кеңесінің кураторы  Сейсембеков Самат Зейнуллович шақырылды.

Бағдарлама өте қызықты және жан-жақты болды. Қатысушылар қазақ халқының «Кыз ұзату», «Құда түсу», «Беташар», «Баланы қырқынан шығару»  атты ұлттық салт-дәстүрлерінен көрініс қойды.  Мереке қазақ халқының ұлттық күй әуендері мен әндеріне ұласты.  Сонымен қатар, мерекеге Қарағанды қалалық дарынды балалар мектеп-интернатының шәкірттері қонаққа келіп, баршамызды өнерлерімен таң қалдырды.  Мереке барысында келген қонақтарға кең дастархан жайылып, наурыз-көже таратылды. 

Мерекенің қорытынды бөлімінде, «Жедел және кідіріссіз медициналық көмек» кафедрасының  меңгерушісі А.Р. Алпысова жоғарғы оқу орынымыздың  және кафедра ұжымы атынан құттықтау  сөзбен ортаға шықты. 

«Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттері де мерекелік бағдарламадан тыс қалмай, өз өнерлерін көрсетті. Студенттер – «ҚММУ КТК құрама командасының» қатысушылары Баязитов Самат пен Досмағамбетов Тимур миниатюрамен ортаға шығып, барша көрерменді күлкіге бөлендірді. 5-058   топ студенті Косыбаева Аруна  «Құрманғазы» күйін орындаса, 5-008 топ студенті Салахиддинов Жасур  барлық қонақтарды өзбек, түрік және араб әуендерімен жандандыра түсті. Бекимова Фариза және Адилова Алия –5-053 топ студенттері жиналған қауымға «Наурыз» әнін сыйға тартты.

Концерттік бағдарлама кафедра ұжымымен дайындалған  мерекелік слайд-шоу фонында өткізілді. 

Мерекелік бағдарлама барлық жиналған қауымды жағымды әсерге және көтеріңкі көңілге бөлендірді!   

Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасының  ұжымы


0
17490

пікірлер

пікір қалдыру үшін.
Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік