Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эвтаназия: оң және қарсы

Эвтаназия: оң және қарсы

09 Қаңтар 2021

Эвтаназия жайлы сұрақ әрқашан даулы болып келеді, оны екі жақты қарастырады - заңдылық пен адамгершілік. Егер de-facto  азаптан құтылу болса, ал de-jure қылмыс болып саналады. Қазақстанда жазылмайтын аурумен ауыратын және адам төзгісіз азап шеккен адамның өмірін тоқтатуға заңмен тыйым салынған. Қарағанды ​​медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасының ұйымдастыруымен «Эвтаназия: оң және қарсы» тақырыбы бойынша Teams платформасында онлайн-дебат өтті.

Іс-шара IV курс студенті Ирина Никитинаның эвтаназия жайлы негізгі аспектілер, әлемдегі эвтаназия мәселесі жайлы және әртүрлі елдердегі адамдардың осы тәжірибеге деген көзқарасы туралы баяндамасынан басталды.

Дебатқа қатысқан «Жалпы медицина» мамандығының IV курс студенттері мен кафедра оқытушылары өз пікірлерімен бөлісті, ашық мысалдар, әлемдік тәжірибеден дәлелдер келтірді, эвтаназия процедурасының оң және теріс жақтары талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар эвтаназия тақырыбы күрделі және қарама-қайшы және бір пікірталас шеңберінде шешілмейді деген пікірге келді.


0
256

пікірлер

пікір қалдыру үшін.