Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздіктің жеті қыры

Тәуелсіздіктің жеті қыры

16 Желтоқсан 2020

«Astanа» телеканалының дайындаған «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильмінде Елбасымыздың еліміз үшін жасаған ұлы қадамдары мен шешімдері бейнеленген. Деректі фильм жеті бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыптарға: экономика, интеграциялық процестер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа Астана, транзиттік әлеует, қандастарымыздың Отанына оралуы тақырыбына арналған. Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің-белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, Елбасының елді дамыту бойынша күрделі саяси шешімдер қабылдағанын көрген адамдардың естеліктері мен пікірлеріне негізделген. Сонымен қатар тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің, дәрігерлердің сұхбаттарынан алынған. Деректі фильм топтамасы «Парасатты шешім», «Сын сағат»,«Бір ел, бір тағдыр», «Ұйымдасқан ұтады», «Елдіктің бастауы»,«Жаңғыру жолы», «Болашаққа бастар жол» бөлімдерінен тұрады. Деректі фильмнің осыбөлімдерін көру арқылы Елбасымыздың көрегенділігі мен даналығына, парасаттылығы мен төзімділігіне, жауапкершілігіне тәнті боламыз.

Парасатты шешім

Топтаманың «Парасатты шешім» аталған бөлімінде, Елбасымыздың Семей ядролық полигонына және Арал теңізі мәселелеріне бағыттаған шаралары жайлы баяндалады. Ядролық қару себебінен халқымыз көп зардап шеккені барлығымға белгілі. Семей сынақ алаңын жабу туралы 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлық Елбасымыздың халықтың ұлы ретінде саяси ерік-жігерін көрсетті. Ядролық полигонды жабу туралы мұндай теңдеcсіз шешім әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау туғызды, сондай-ақ Қазақстан осы іс-әрекетімен бүкіл әлемге жас елдің бейбітсүйгіш саясатты ұстанатынын көрсетті.

Сондай-ақ, елбасының бастауымен экологиялық маңызды проблеманың бірі-Арал теңізін қалпына келтіріп жаңғыртуда жұмыстары басталған еді. Тұңғыш Президентімізарқасында Арал теңізінің кіші бөлігін сақтап қалу мүмкін болды.Осындай мәселелердің ықтималды шешілуі елімізді көптен аңсаған тәуелсіздікке алып келді.

Ертуганова Ажар,

Билимбек Ахмарха

Сын сағаты

«Сын сағаты» Қазақстанның 90-жылдары халық үшін қиын кез болды. Көптеген салалар жабылып, жейтін дұрыс тамақ, жарық болған жоқ, жұмыссыздық орнады. Осы мәселені Елбасы өз қолына алған болатын. Білім арқылы мәселелерді шешіп отырған және халық оған өз үміттерін артқан. Халықтаң білімін арттыру үшін “Болашақ” бағдарламасын ашты. Бағдарлама арқылы студенттер шетел елге барып, сол жерден алған білімдерін қазақ жеріне алып келіп, жаңадан бағдар ашып, елдің көркеюіне септігін тигізген. Елбасының жүргізілген шаралары елді аяққа тұрғызды. Қазіргі кезде еліміз дамыған елдердің қатарына кірген. Экономика жағынан 45 орынға жеттік, оны үлкен жетістік деп санауға болады.

Буранбаева Альбина,

Қибат Санат

Бір ел, бір тағдыр

Әрі қарай «бір ел, бір тағдыр» бөлімін жалғастырсақ. Кеңес Үкіметі тұсында жерімізді мекендеген, қаншама қиыншылық көрген халық жан-жаққа ыдырып кеткені белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары сол ыдыраған халықты қайта бір тудың астына жинап, өз  қандастарымызды ғана емес, өзге ұлт өкілдерін де құшақ жая қарсы алуы біздің  елбасымыздың көрегенді саясатының, сонымен қатар халқымыздың бойына сіңген қонақжайлылығының арқасы деп ойлаймыз. Осының нәтижесінде қазіргі таңда елімізде жүзден астам ұлт өкілі тату тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасымыз бір ел болып күн кешіп отырған осы түрлі ұлт өкілдері жайлы былайша ой қозғаған болатын. «Бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық–бір ел–бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр».

Досалы Аяулым,

Дарменова Хадиша

Ұйымдасқан ұтады

«Ұйымдасқан ұтады» - Жазықсыз жандардың қандары төгіліп, тағдырлар тәлкекке түсті, кейбір ұлттардың болашағы бұлдыр сағымға айналып, бір-біріне қару ала жүгіру әдет болған заман саясатынан көптеген елдер абдырап қалған болатын. Бұл қиындықтар Тәуелсіздігін енді ғана жариялаған жас мемлекетті де айналып өтпеді. Қазақ елінің алдында «қарулы қақтығыссыз шекараны белгілеу, ұлтаралық татулықты қалыптасытыру, дипломатиялық даулардан аман шығу» сынды мақсаттар тұрды. Елдің болашағы, экономикасы, мүлдем құлдырап кетуі немесе керісінше, ұлттың азат болуы осы шекараға байланысты еді. Ал бүгінгі таңда, Қазақ елі өзінің ұлан-байтақ елімен әлемге мақтана алатындай деңгейге жетіп отыр. Сонымен қатар, еліміздің қауіпсіздігін одан әрі жақсарту барысында ШЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ секілді әлемдік деңгейдегі одақтардың құрамына енді. «Көшбасшы қандай болса, көште сондай болады» демекші, еліміздің алғашқы көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев тұлғамыздың болғанын қатты мақтан тұтамыз.

Дүйсен Ақниет

Елдіктің бастауы

Топтама  әрі қарай «Елдіктің бастауы» бөлімімен өз жалғасын тапты. Ендігі кезекте Елбасы ел орталығын Алматыдан қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына алмастыру туралы шешім қабылдады. Елбасымыз: «..жаңа елді құрғымыз келсе, жаңа орталық таңдауымыз керек..», -деді де, жаңа орталықтың негізін қалауға кірісіп кетті. Соның нәтижесін керемет архитекторлық туынды ретінде әлем елдерінің  арасында танымал ғимараттар бой көтерді. Мұнда Елбасымыздың  стратегияның аса шебер маманы екеніне тағы бір рет көз жеткізіп отырмыз. Біріншіден, қаланың орналасқан жері экономиканы басқаруға және коммуникациялық байланыстарды басқаруға мүмкіндік береді. Екіншіден, солтүстік өңірлердегі демографиялық ахуалды ұлт мүддесі тұрғысынан оңды бағытта өзгерту қажеттілігі қалыптасты. Үшіншіден, геосаяси орны стратегиялық жағынан өте ыңғайлы болды.Елбасы осының бәрін біле отырып , тез арада елдің орталығын Ақмолаға ауыстыру туралы шешімге келді деп ойлаймыз. Қазір ел орталығымыз көз сүйсінерліктей өте жоғарғы деңгейде дами алды. Әлі де болсын қаламыз дамуын тоқтатпақ емес...

Дүйсен Аяжан

Жаңғыру жолы

«Жаңғыру жолы» - Тарихымыз көрініс тапқан Тәуелсіздіктің жеті қыры атты фильмде елбасымыздың жүргізген сыни жолы жан-жақты талқыла отыра көрсеттілген. Соның «Жаңғыру жолы» атты бөлімде Елбасының демографиялық мәселелерді шешу саясаты, қандастарымызды қара шаңырағына жұмылдыру, тарихи Отанына оралту, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі, қазақ тілді білім беру ордаларының көптеп ашылуына бастау болуын,оны іске асыруын көрсеткен.

Зейнелғабденова Аяжан

Болашаққа бастар жол

«Болашаққа бастар жол» топтамасында «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтылған болатын. Баршамызға белгілі біздің еліміз әлемдік төрт мұхиттан да алшақ орналасқан. Ал бұл еліміздегі экономикалық жағдайдың төмендеуіне алып келді. Бірақ Қазақстан – табиғи ресурстарға бай мемлекет екені барлығына мәлім. Соларды пайдалану арқылы ел экономикасын жоғарғы дәрежеге көтеру мәселесін де Елбасымыз назарсыз қалдырмады. Жоба барысында көптеген ірі автожол жобалары жүзеге асырылды, теміржол саласы, сонымен қоса көліктік логистика да дамыды, энергетикалық инфрақұрылым мәселесінің  де шешімі табылды.

Боранбаева Ботагоз,

Давранбеков Шохзадбек

Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың арманы

Тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанымызға 29 жыл. Тәуелсіздік – ата-бабалар аңсап кеткен, ұрпақтың қолы жеткен киелі байлық. Жиырма тоғыз жыл ішінде мемлекетіміз дамыған, шекарасы айқын да берік, өз алдына дербес ел болды. Бұл ата-бабадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Еліміздің дамуының жаңа сапалы кезеңі мүмкіндігі беріліп отыр. Осы тұрғыда еліміздің азаматтары дамытуға өз үлесін қоса алады. Әлемнің дамушы елдерімен терезесі тең әлеуетті мүмкіндігіміз бар. Алдағы уақыттарда көк туымызды жықпай, тәуелсіз елімізді мәңгілік елге айналдыру басты мақсатымыз, болашақ ұрпаққа осы аманат.

Бимурза Динара,

Даниярова Диана


0
428

пікірлер

пікір қалдыру үшін.