Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Докторанттардың Тбилиси қаласындағы ғылыми тағылымдамасы

Докторанттардың Тбилиси қаласындағы ғылыми тағылымдамасы

2015 жылдың 11 - 24 мамыры аралығында «Медицина» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-курс докторанттары ғылыми тағылымдаманы Тбилиси қаласындағы Давид Твилдиани атындағы Медициналық Университетте өткізді.

6893cf0120ddea65be1a0ff54785afc7

Тағылымдама барысында Кәмшат Серікқанқызы Жұмақанова, Евгения Александровна Колесникова және Назгүл Есентайқызы Сарсекеева өздерінің шетелдік ғылыми кеңесшілері профессор Нино Табагари-Брегвадзе және профессор Серго Табагаримен бірге ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылап, кеңес алды. Тағылымдама бағдарламасына О. Gudushauri және Medi Club Georgia сияқты ірі медициналық орталықтардың жұмысымен танысу да енгізілген.

338304814a1da6e0256e7912f5284fa9

2015 жылдың 22 мамырында докторанттар Ivane Beritashvili атындағы эксперименттік медицина орталығында өткен студенттер мен жас ғалымдардың III халықаралық конференциясына қатысты. Кәмшат Серікқанқызы «Clinical and pathogenetic features of immune dysfunction in preterm infants» атты, Евгения Александровна «Erythrocytes volume changes in ammonium medium in CKD patients», ал Назгүл Есентайқызы «Opportunistic diseases in HIV-infected patients in Karaganda Region of the Republic of Kazakhstan тақырыптарында өз баяндамаларын қорғап шығып, «Үздік тұсаукесер» атты жүлденің үшінші және екінші орындарын иеленді.

dfdce12041fab473b7a38070cf73974d

ҚММУ докторанттары өздерінің ғылыми жетекшілері профессор Нино Табагари-Брегвадзе ханымға және профессор Серго Табагари мырзаға шынайы алғысын білдіре отырып, Давид Твилдиани атындағы Медициналық Университет қызметкерлеріне зор ризашылығын білдіреді.