Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Докторанттың Беэр Шева қаласындағы ғылыми тағылымдамасы

Докторанттың Беэр Шева қаласындағы ғылыми тағылымдамасы

2016 жылдың 20 наурызы мен 2 сәуірі аралығында докторант Дмитрий Николаевич Матюшко Сорок Университеттік медициналық орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті (Бен Гурион Университеті, Беэр Шева қ., Израиль).

Тағылымдама профессор Александр Злотниктың басшылығымен медициналық орталықтың анестезиология бөлімінің Зерттеу бөлімшесінде өтті. Профессор Злотник – осы ғылыми бөлімшенің бастығы және анестезиология бөлімінің меңгерушісі болып табылады. Сондай-ақ, профессор Д.Н. Матюшконың докторлық диссертациясы ғылыми кеңесшісі.

ed5709c0ebddf44d04c0c252e29d9689

Сорока медициналық орталығы – бұл өзінің мол мүмкіндіктерімен, құрал-жабдықтарымен, науқастың сонда болған уақыттағы жай-күйін, оның туыстарын мен медициналық қызметкерлердің жайлылығын егжей-тегжейлі ойластыруымен таңдандыратын медициналық «қала». Белгілі бір жабдықтың бар, не жоқ екендігі туралы сұраққа профессор Злотниктың: «Бұл сұрақты қоймаса да болады. Бұл жерде әлемдік медицинада белгілінің бәрі бар» - деген жауабы таңдандырмайды. Бір қызығы, бұл Госпиталь жекеменшік мекеме болғанымен, клиникалық медицина, бизнес және университеттің өте тиімді және жемісті симбиозы, ынтымақтастығының үлгісі болып табылады. «Әр қадам сайын» компьютерлік техникамен қамтамасыздандырылу, қағазды мүлдем қолданбауы таңқалдырды (барлық құжаттама – ауру тарихы, зерттеулер, көшірме, қорытындылар, госпитальдің күнделікті жұмыс жоспары – барлығы тек электронды түрде жүргізіледі, ештеңе қағазға басып шығарылмайды). 7:30-да басталып 16:00-де аяқталатын жұмыс күндері де таңдандырды. Сондай-ақ, құрал-жабдықтар да... Кез-келген жерде орналасқан ісікті емдеуде қолданылатын Кибер-пышақ та бар. Адамды басынан аяғына дейін сканерлейтін, бірнеше миллиметрлік кез-келген ісік ошақтарының өлшемін анықтайтын ПЭТ-КТ жүйесі. Тағы-тағы басқалары...

92de3079eff10735fec6bff6bccd035d

Профессор Злотниктың басшылығымен орталықтың ғылыми бөлімшесінде докторанттың ғылыми жұмысының кейбір элементтерін әзірлеуге мүмкіндік болды. Мысалы: хирургиялық ауруларда интраабдоминалды қысымды өлшеу, зерттеу үшін қан алу, зерттеу қорытындыларына статистикалық өңдеу, докторлық диссертацияның мәтінін өзгерту және кеңес беру.

Cонымен қатар, тағылымдама барысында бірнеше хирургиялық операцияларға қатысуға мүмкіндік болды. Бөлімшелерде құрсақ қуысы мүшелеріне және жұмсақ тіндерге операциялардың айтарлықтай кең спектрі жасалады. Холецистэктомия, жарықтарға операциялар, тоқ ішек ісіктеріне, асқазан ісіктеріне операциялар жиі және күн сайын жасалады. Хирургия бөлімшесінде екі хирургиялық күн бөлінген көптеген бариатрикалық операцияларды ерекше атап өткен жөн, бұл уақыт аралығында 10-15 операцияға дейін орындалады (ағызу-резекциялар, бандаж және балон қою, ұштастыру операциялары және т.б.).

Дмитрий Николаевич Матюшко

№ 2 хирургиялық аурулар және патологиялық

анатомия кафедрасының ассистенті, докторант