Екінші оқу жылындағы докторанттардың Архангельск қаласына (Ресей) ғылыми тағылымдамасы
2016 жылдың 21 наурызы мен 1 сәуірі аралығында докторанттар Адина Ғабитжановна Жармағамбетова мен Лазат Сарсенбаевна Батырбекова Ресей Федерациясы Архангельск қаласының, Солтүстік мемлекеттік медицина университетінде ғылыми тәжірибелік тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама мақсаты - шетелдік кеңесші профессор Андрей Мечиславович Гржибовскийдің басқаруымен докторанттардың ғылыми зерттеу жұмысын орындау. Тағылымдама бағдарламасы докторанттардың ғылыми бағыттарына қарай ұйымдастырылды. Сондай ақ, ғылыми тағылымдамаға Солтүстік мемлекеттік медицина университетіндегі Архангельск халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми тәжирибелік жұмысымен танысу және ғылыми кеңесшімен Thomson Reuters, Scopus базасындағы журналдарға мақалалар жазу әдістемесі бойынша күнделікті кеңестер жүргізілді, диссертациялық жұмысқа дайындалған базаларға алғаш рет баға берілді, статистикалық өңдеу әдісін таңдау, мәліметтерге талдау жасалды. Сондай ақ, мақала жазу жоспары келісілді (ВАК, Scopus, Web of Science тізіміндегі журналдарға мақала тақырыптары таңдалды). Әдебиетке шолу E-library, Pub med, Web of Science журналдарындағы мақалалармен толықтырылды.
Тағылымдама қызықты, әрі пайдалы болды. Ғылыми тағылымдама соңында сертификат берілді.
Ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі үшін ҚММУ ректоры Р.С. Досмагамбетоваға, Архангельск қаласы СММУ ректоры Л.Н. Горбатоваға ерекше алғысымызды білдіреміз. Сондай ақ, ғылыми жетекшілеріміз доцент С.Т. Тулеутаеваға, Қ.З. Сакиевке, профессор А.Ө. Аманбековаға және ғылыми кеңесші А.М Гржибовскийге алғысымызды білдіреміз.
2-ші оқу жылы докторанттары:
А.Ғ. Жармагамбетова
Л.С. Батырбекова