Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
II жылғы докторанты ғылыми докторлық машықтану

II жылғы докторанты ғылыми докторлық машықтану

 2014 жылдың соңында «Медицина» мамандығының II жылғы докторанты Жумалиева Вера Александровна ғылыми докторлық машықтанудан өтті. Ғылыми кеңесшісі, Лодзь қ. (Польша) медициналық университетінің онкология кафедрасының паллиативті медицина курсының меңгерушісі, Лодзь қ. (Польша) медициналық университетінің II клиникалық емхана паллиативті медицина курсының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Циалковский –Рыж бірге шетелде машықтанудан өтті.

5aa74dfd84e0231e5e23118e57d88b88

Машықтанудан өтудің мақсаты  - тек қана зерттеуге деген қызығушылық емес, сонымен бірге әдістемелік және клиникалық  мінездемелер зерттеу жұмыс кезіндегі туындаған барлық негізгі сұрақтарға жауап алу болды.

6f27639e872c73ad41471b73c465a661

Евроодақ жүйесіндегі келісілген стандарттарға сәйкес амбулаторлық медициналық көмек және стационарлық менеджмент, және ұйымдастыру аспектесімен таныстыру үшін теңдесіз мүмкіндік туды. WAP Hospital of Medical University of  Lodz (Poland) клиникасында жұмыс барысында паллиативті медицина бөлімінде, хоспис, хоспис және бөлімшеде науқастарды курациялауға қатысу хоспис үйінде, сонымен бірге онкологиялық науқастардағы таргентті терапияның аурушаңдық синдромы бойынша сұрақтар ғылыми дискуссия пікірталас тудырды. Қазақстан Республикасының Фармакопында жоқ, ауырсынуды сездірмейтін дәрі – дәрмектерді шығару үлгісі және фармакологиялық топтарды ұсыну болды.  Негізгі соңғы өзекті ақпараттарға қосымша шолу жасау және негізгі электронды базадағы сапалы іздестірулер үшін медициналық университетте ашық және  кеңейтілген мүмкіндіктер болды. 

522256b8b7fa06a646f44fae4243aff0

Ғылыми  машықтану кезінде PhD бағдарламасын орындау барысында  шетелде сапалы қызметтестік үшін және мүмкіндіктер үшін ректор профессор Pawel Gorski және Лодзь қ. медициналық университетінің барлық қызметкерлеріне және машықтану ұйымдастырған ғылыми кеңесші Александра Циалковский – Рыжға өзімнің шексіз алғысымды білдіргім келеді. 

Жумалиева Вера 

II жылғы докторант