Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Білім беру
Студентке
Интернатураға қабылдау ережелері

Интернатураға қабылдау ережелері.

2017 – 2018 оқ.ж.

1. Қолданылу саласы

Осы «ҚММУ интернатурасына қабылдау ережесі» түлектерді интернатураға қабылдауды және конкурстық комиссия жұмысын реттейді.

2. Нормативтік сілтемелер

2.1. Қазақстан Республикасының 2007ж. 27-шілдесіндегі «Білім туралы» Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулерімен).

2.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 30.01.2008ж. №27 «Интернатурада және резидентурадағы дайындаудың клиникалық мамандықтар тізімін бекіту туралы»бұйрығы (18.05.2015ж. өзгертулерімен).

2.3. ҚР ДМ 16.06.2010ж. №452 «Интернатура туралы ереже» бұйрығы.

3. Жалпы ережелер

3.1. Интернатура базалық медициналық білім аясында жоғары медициналық оқу орнында білім алушыларды бір немесе екі жылдық дайындау болып табылады.

3.2. Интернатураның негізгі мақсаты медициналық жоғары оқу орнындағы түлектердің тәжірибелік дайындығын жетілдіру, олардың кәсіби деңгейін және дербес дәрігерлік қызметке дайындық дәрежесін арттыру болып табылады.

3.3. Интерндерді даярлау ҚР 5.03.006-2006 МЖМБС «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына». Жоғарғы кәсіби білім. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер», әр мамандық бойынша типтік оқу жоспарына және бағдарламасына, 16.06.2010ж. ҚР ДМ №452 «Интернатура туралы ереже» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Нақты мамандық бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасының міндетті минимумы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен белгіленеді. Интернатурадағы жұмыс оқу жоспарлары жооның Ғылыми Кеңесінде бекітіледі және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарының өзгерістерін ескере отырып, қайта қарастырылады.

4. Интернатураға қабылдау.

4.1. Интернатурада даярлау Денсаулық сақтау министрлігінің 30.01.2008 №27 «Интернатурада және резидентурадағы дайындаудың клиникалық мамандықтар тізімін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

4.2. «Жалпы медицина», «Стоматология» бакалаврлары мамандықтары бойынша ауысу баллын жинағандар интернатураға ауыстырылады, ал жинамағандар оқудан шығарылады.

4.3. Дайындықтың барлық бағыттары бойынша интернатураға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады, оқу мерзімі бойы үлгерімнің орташа ұпайын (GPA – Grade Point Average) ескере отырып.

4.4. Конкурсқа «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандығының бакалавр дипломы бар тұлғалар жіберіледі.

4.5. Конкурстық комиссияның құрамы жыл сайын  ҚММУ ректорының бұйрығымен ағымды жылдың 1 шілдесіне дейін бекітіледі. Конкурстық комиссияның отырыстары хаттамамен рәсімделеді.

4.6. «Ішкі аурулар», «Педиатрия», «Акушерлік және гинекология», «Хирургия», «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бағыттары бойынша интернатураға қабылдану үшін конкурсқа «Жалпы медицина» мамандығының бакалавр дипломы бар және интернатураға ауыстырылған тұлғалар жіберіледі.

4.7. ҚММУ түлектеріне конкурсқа қатысуы үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 15 тамызына дейін, басқа жоо студенттері үшін ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 15 тамызына дейін – интернатураның дайындау бағыттары бойынша бос орындарға.

4.8. Конкурс ҚММУ конкурстық комиссиясына студенттермен ұсынылған құжаттардың негізінде іске асырылады.

·  университет ректорының атына нақты мамандық бойынша (интернатурадағы дайындық бағыты) интернатураға қабылдану туралы өтініш;

·  түлектің одан ары жұмысқа орналасуы туралы 3-жақты шарты (түлек, жұмыс беруші, ҚММУ)

·  диплом (түпнұсқа) және көшірме;

·  транскрипт (көшірме);

·  жеке куәлік (2 көшірме);

·  3х4 фотосурет, түсті – 2 дана.

Басқа жоо-дан ауысып келген студенттер конкурсқа қатысу үшін қосымша ұсынады:

·  ауысуға келісім-хат, жоо лицензиясы (көшірме);

·  курстан курсқа ауысу туралы бұйрықтан көшірме;

·  ҰБТ немесе КТ өту туралы сертификаты және білім беру грантын тағайындау туралы  куәлік;

·  жазғы аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың жиынтық емтихан тізімдемесінің көшірмесі (стипендия тағайындау үшін);

·  құжаттарды нострификациялау туралы қорытынды (басқа елден ауысып келгендер үшін).

4.9. Ι кезең – барлық үміткерлер тестілеуге қатысады. «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін тесттер келесі пәндердің сұрақтарын қамтиды: ішкі аурулар, хирургиялық аурулар (соның ішінде балалар хирургиясы), акушерлік және гинекология, балалар аурулары, жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел және шұғыл медициналық көмек.

Тестілеу нәтижесі бойынша барлық пәндерден 75% және одан да көп жинаған, және белгіленген мамандандырудың пәні бойынша 75%-тен көп жинаған студенттер ІІ кезеңге жіберіледі. 75%-дан төмен жинаған студенттер конкурс болмай қалған дайындау бағытының ІІ кезеңіне жіберіледі.

4.10. ΙΙ кезең – тәжірибелік (клиникалық) дағдыларды бағалау / конкурстық комиссияның мүшелерімен интернатурада таңдалған мамандандыруға сәйкес сұхбаттасу, портфолионы қорғау.

4.11. ΙΙΙ кезең – екі кезеңнің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия интернатураның нақты мамандандыруы бойынша студенттер тізімін қалыптастырады.

4.12. 6 курсқа ауыстырылмаған және интернатураға қабылданбаған «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының бакалавриат түлектері оқуларын аяқтағаннан кейін бір жылдан соң конкурсқа қатыса алады және интернатураның дайындау бағыттары бойынша бос орындарға қабылдана алады. Тестілеу нәтижесі бойынша барлық пәндерден 75%-дан төмен жинаған үміткерлер ІІ кезеңге жіберілмейді, соған сійкес интернатураға қабылданбайды. «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін тесттер келесі пәндердің сұрақтарын қамтиды: ішкі аурулар, хирургиялық аурулар (соның ішінде балалар хирургиясы), акушерлік және гинекология, балалар аурулары, жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел және шұғыл медициналық көмек.

«Стоматология» мамандығының студенттері үшін тесттер келесі пәндердің сұрақтарын қамтиды: терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология, ортодонтия.

4.13. Интернатураға қабылдау және мамандықтар бойынша топтарды қалыптастыру ҚММУ ректорының бұйрығы негізінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ақпаратты берумен жүзеге асырылады.

4.14. Интернатурадағы оқу жылы ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік