Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
Университетінің тарихы

Медицина университетінің тарихы – медицина саласында ғана емес, жалпы жоғары білім беру бойынша кәсіби көшбасшы оқу ордасының қалыптасу жолы. Қарағанды медицина университетінің тарихы – еліміздің тарихының, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының қалыптасу жолының айнасы.

Елімізде медициналық білім беру жүйесін дамыту 1931 жылы Алматы қаласында медициналық жоғары оқу орнының ашылуымен басталды. Алайда, жалғыз институт республиканың медициналық кадрларға деген артып келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Соған байланысты республикалық органдар мен КСРО Денсаулық сақтау халық комиссариаты алдына Қарағанды қаласынан медициналық институт ашу қажеттілігі туралы мәселе қойылды. Қарағанды қаласы 1940 жылы облыс орталығына айналған болатын, қала тұрғындарының саны 196 мың адамнан асқан еді. Бірақ,Ұлы Отан соғысы бұл жоспарды бұзып жіберді. Сол себептен Қарағанды қаласында медициналық институт ашу мәселесі 1947 жылы қайтадан көтеріліп, облыстық денсаулық сақтау бөлімі Кеңес Одағының Денсаулық сақтау министрлігіне шахтерлер қаласынан медициналық жоғары оқу орнын ашу туралы ұсыныс жасады. КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жылғы 16 қарашадағы қаулысы Қарағанды қаласына «жұмыс істеп тұрған медициналық институттардың бірін ауыстыруды» міндеттеді. КСРО Министрлер Кеңесі Төрағасының 1949 жылғы 5 желтоқсандағы өкімімен «РКФСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Денсаулық сақтау министрлігін Қазан қаласының жабылған стоматологиялық институтын белгіленген тәртіпте Қарағанды қаласының медициналық институтына айналдырып, оның профессорларын, оқытушыларын, сол сияқты бірінші курсты бітірген студенттерін соған көшіруге міндеттеу» нұсқалды. Институт директоры болып дәрігер Петр Моисеевич Поспелов тағайындалды.

КСРО Денсаулық сақтау халық комиссариатының жолдамасы бойынша Петр Моисеевич Поспелов Қарағанды қаласына өзі туған, оқыған және еңбек жолын бастаған Ставрополь өлкесінен келді. Қарағанды қаласы оны дәрігер, педагог және денсаулық сақтау саласының ірі ұйымдастырушысы ретінде қалыптастырған және өсірген алтын бесікке айналды. Поспеловтың кәсіби дәрігерлік қызметі екінші рудниктің ауруханасында терапевтикалық бөлімшенің меңгерушісі, аурухананың бас дәрігері лауазымдарынан басталды. 1939 жылдың қыркүйегінде Петр МоисеевичПоспелов Қарағанды облысының денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 1940 жылдың сәуір айынан бастап П.М.Поспелов Қарағанды облысының денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымына бекітілді. 1950 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Петр Моисеевич Поспелов Қарағанды медицина институтының (ҚарМИ) директоры болып тағайындалды. Петр Моисеевич Поспелов басқарған 1950-1974 жылдар аралығындағы кезең бұл институттың құрылуы мен қалыптасу кезеңі болып табылады.

ҚарМИ профессорлық-оқытушылар құрамында Қазан қаласынан Қарағанды қаласына келген мына мамандар болды: профессор Абрам Иосифович Лаббок, тарих ғылымының кандидаты Мария Михайловна Лоньшакова, биология ғылымының кандидаты Ангелина Аркадьевна Зорина, биолог Модест Евгеньевич Афанасьев, биохимик Валентина Иосифовна Якубовская, медицина ғылымының кандидаты, физиолог, Анвар Арсланович Узбеков, аға оқытушы Борис Григорьевич Мокеев, оқытушы-стоматологтар Вера Степановна және Валерьян Александрович Лавровтар, оқытушы-анатом Галия Гареевна Шамсеева, химик Борис Григорьевич Мокеев, инфекционист Абраам Яковлевич Шульгин, микробиолог Григорий Иосифович Мар, акушер-гинеколог Исаак Иосифович Каганович, хирургтер Дина Лазаревна Цирлина, Марк Григорьевич Шрайбер, Григорий Яковлевич Хволес, терапевт Евгений Израилевич Цукерштейн, дене тәрбиесі оқытушысы Евгений Петрович Шевелев.

  1950 жылғы 1 қыркүйектеҚарағанды медициналық институты өзінің алғашқы студенттері: 1 курстың 127 студенті және ІІ курстың 101 студенттеріне есік ашты, олардың арасынан 69 студент Қазан қаласынан ауысып келген болатын. Сол кездегі жалғыз емдеу факультетінде 11 кафедра ашылды. 1950 жылы институтта 23 оқытушы сабақ берді, олардың арасында 3 ғылым докторы мен 3 ғылым кандидаты болды. Қарағанды медициналық институтының ғылыми саладағы бірінші жетістігі 1950 жылдың 21 қарашасында өткен институттың I ғылыми студенттік конференциясы болды. 1952 жылы институтта аспирантура мен ординатура ашылды. 1955 жылы Қарағанды медициналық институты алғаш рет алты жылдық оқу жоспарын толық көлемде аяқтап, бірінші түлектерді – 94 дәрігерді даярлап шығарды, олардың арасынан 15 адам оқуды үздік бітірді. 1957 жылы институт Ғылыми кеңесте кандидаттық диссертациялар қорғау құқығына ие болды. Ғылыми кеңестің төрағасы болып Петр Моисеевич Поспелов тағайындалды. 1958 жылдың 24 сәуірінде медицина ғылымының кандидаты дәрежесіне алғашқы диссертациялық жұмыстарды ассистенттер Н.К.Попова мен Г.Г.Шамсеева қорғады.

Студент-медиктердің бірінші түлектерін шығарумен және кандидаттық диссертацияларды институтта қорғау құқығын алуменқалыптасудың күрделі кезеңі аяқталды. 1960-шы жылдар Қарағанды медициналық институтының сенімді өсуі мен даму кезеңі болды. 1967 жылы келесі мамандықтар тізбесі бекітілді: акушерлік және гинекология, адам анатомиясы, ішкі аурулар, патологиялық физиология, хирургия, биологиялық химия, соған сәйкес ҚарМИ Ғылыми кеңесіне кандидаттық диссертацияларды қорғау мен медицина ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін беруге рұқсат берілді. ҚарМИ Ғылыми кеңесінің отырыстарында кандидаттық диссертацияларды институт қызметкерлерімен қатар, КСРО-ның басқа да республикаларының ізденушілері қорғады. Бұл Кеңес Одағының жоғары оқу орындары арасындағы Қарағанды медициналық институтының ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін айғақтайды. Мысалы, 1960-шы жылдары Қарағанды медициналық институтында кандидаттық диссертацияларды қорғағандардың арасында Алматы, Семей, Ташкент, Андижан, Москва қалаларының медициналық институттарының өкілдері болды. 1958 жылдан бастап 1972 жылға дейін ҚарМИ Ғылыми кеңесінде медицина ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне 186 ғылыми диссертациялар мен медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне 23 ғылыми диссертацияларды қорғау өткізілді.

1961 жылы институтқа бірінші санат берілді, бір жылдан кейін педиатрия факультеті ашылды. Өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс индустриясы ұйымдары, тігін, тамақ және басқа өнеркәсіп кәсіпорындары, қаланың санитарлық-эпидемиологиялық станциялары санитарлық-гигиеналық факультеттің студенттеріне оқу үдерісі мен тәжірибеден өту үшін базалар бөлді. Қарағанды қаласының барлық ауруханалар желісі клиникалық машықтар алу үшін емдеу және педиатрия факультеттерінің студенттеріне ұсынылды. Институтта өткізілетін ғылыми зерттеулердің деңгейі ҚарМИ жетекші ғалымдарының халықаралық ғылыми конгресстерге қатысуларын бекітеді. Мысалы, 1965 жылғы 27 қарашада Қарағанды медициналық институтының психиатрия кафедрасының профессоры Абрам Моисеевич Свядощтың атына психосоматикалық медицина бойынша III халықаралық конгресстің жұмысына қатысуға шақырған жеделхат келді, бұл конференция 1966 жылғы 15-18 қыркүйекте Париж қаласында өтті. ҚарМИ ректоратының Халықаралық қатынастар басқармасына жолдаған қолдау хатында «профессор А.М.Свядощ француз, неміс және ағылшын тілдерін еркін білетіні, ал оның «Неврозы и их лечение» кітабы шетелдерге кеңінен танымал екені» атап көрсетілген.

1966 жылы жоғары оқу орнында Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы ашылып, оны медицина ғылымының кандидаты Мадениет Мадиұлы Сарсембаев басқарды. Мадениет Мадиұлы Балалар сарайында (Пионерлер үйі) оқушыларға арналған Кіші академияның ұйымдастырушысы және ұзақ уақыт бойы оның ректоры болды.

Жоғары оқу орнымен бірге Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында I республикалық ғылыми студенттік конференция өткізіліп, онда шет тілдерде баяндамалар жасалды. 1968 жылы институтта өткен медициналық институттардың I Бүкілодақтық ғылыми студенттік конференциясында да шет тілдерде баяндамалар жасалып, бұл шара институт өміріндегі үлкен оқиға болды. Бұл конференцияға ҚММИ студенттерінің ғылыми қоғамдастығы 25 баяндама ұсынды, отырыстарда ағылшын, неміс, француз және жапон тілдерінде барлығы 182 баяндама тыңдалды. Үздік 16 баяндамашыларға КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің алғысы жарияланды.

Атап көрсету керек, 1970-ші жылдардың басында Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының профессорлық-оқытушылар құрамына орташаодақтық көрсеткіштен жоғары деңгейдегі ғылыми дәрежелермен жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар кірді.

1974 жылы ҚММИ ректоры болып медицина ғылымының кандидаты, доцент Александр Петрович Филин тағайындалды, ол институтты 10 жыл басқарды. Бұл кезең институтта жаңа кафедралардың ашылуымен есте қалды. А.П.Филин бюджеттік мекеме қызметінде келісімшарт негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге бастамашы болды, соның нәтижесінде 1974 жылы құрылған ғылыми-зерттеу секторы (ҒЗС)2 жылдан кейін тапсырысты ғылыми-тәжірибелік тақырыптағы сенімді әріптес және жоғары білікті орындаушы ретінде даңққа бөленді. 1978 жылы стоматология факультеті ашылды. Оның бірінші деканы медицина ғылымының кандидаты, доцент Ғалым Тәжібайұлы Еслямғалиев болды.

1984-1989 жылдар аралығында институтты медицина ғылымының докторы, профессор Николай Архипович Хлопов басқарды. Бұл кезеңде орта медициналық қызметкерлерді даярлау жөніндегі факультет ұйымдастырылып, оның бірінші басшылығына медицина ғылымының кандидаты, доцентМихаил Яковлевич Фаликович тағайындалды. Институт оның негізін қалаушы салған дәстүрлерді сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырды, жаңа кафедралар ашылды, ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен көңіл бөлінді. Медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарының, дәрігерлер білімін жетілдіру институттарының арасындағы Бүкілодақтық социалистік жарыста 1985 жылы қол жеткізген жетістіктері мен жалпы XI бесжылдықтағы табыстары үшін Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына КСРО медициналық жоғары оқу орындары арасынан екінші орын беріліп, КСРО Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық қызметкерлер кәсіподағы Орталық Комитетінің Дипломыжәне ақшалай сыйлық тапсырылды.

1989 жылдан 2001 жылға дейін институтты ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы, профессор Мақаш ТыныштықбайұлыӘлиакпаров басқарды. 1990 жылы қазақ бөлімшесі ашылып, мемлекеттік тілде жоғары білім алу мүмкіндігі туды. Бөлімшені медицина ғылымының кандидаты, доцент Еркебұлан Төлеубайұлы Төлеубаев басқарды.  1991 жылы Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның бірінші директоры медицина ғылымының докторы, профессор Ермек Нығметұлы Сраубаев болды. Шетелдік азаматтар үшін дайындық бөлімшесі ашылып, оны медицина ғылымының кандидаты, доцентЕвгений Владимирович Пухов басқарды. Сол жылы емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық факультеттердің студенттерін теориялық даярлаудың бірыңғай сатысы ретінде жалпымедициналық факультет ашылды. Факультеттің деканы болып медицина ғылымының кандидаты, доцент Әуезхан Омарханұлы Омарханов тағайындалды. 1992 жылы ҚММИ-да медико-биологиялық факультет ашылып, оған медицина ғылымының докторы, профессор Сергей Петрович Терехин жетекшілік жасады. Сол жылы бағдарлама-техникалық жабдықтармен оқыту бөлімінің базасында ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) ұйымдастырылды, ол оқу үдерісін компьютерлендіруге мүмкіндік берді. Орталықтың бірінші басшысы Әнуар Шаймерденұлы Байғұлов болды. 1993 жылы институтта дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру факультеті ашылып, оған медицина ғылымының докторы, профессор Александр Георгиевич Швецов жетекшілік жасады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Қарағанды мемлекеттік медициналық институты Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы болып өзгертілді. 1999 жылы шетелдік азаматтарға арналған деканаттың базасында шетелдік студенттерді оқыту үшін халықаралық әріптестік бөлімі құрылды. Бөлімге медицина ғылымының кандидаты, доцент Александр Михайлович Филатов басшылық жасады. Мақаш ТыныштықбайұлыӘлиакпаров басқарған жылдары жоғары оқу орнында медициналық білім берудің жаңа тұжырымдамасы: оқу-әдістемелік кешені шеңберінде оқыту мен бақылаудың көпсатылы, модульді-блоктық, рейтингтік жүйесі жүзеге асырылды.

2001-2009 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының ректоры ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы, профессор Ілияс РайханұлыҚұлмағамбетов болды. Бұл кезеңде 2001 жылы шетелдік студенттер үшін ағылшын бөлімшесі ашылды, бұл шетелдік азаматтардың академияда оқуына қолжетімділіктерін едәуір жеңілдетті. Уақыт болашақ медиктерден жаңа біліктіліктерді талап етті, соған байланысты 2002 жылы фармацевтикалық факультет, шығыс медицинасы факультеті және медициналық колледж ашылды. Ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды жетілдіру жалғастырылды. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы жанынан Диссертациялық кеңес бекітілді, онда «Ішкі аурулар», «Фармакология, медициналық ғылымдар бойынша клиникалық фармакология» мамандықтары бойынша медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертациялық жұмыстар қорғауға қабылданды. Диссертациялық кеңес жұмыс істеген 2002-2011 жылдар аралығындағы кезеңде медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне 15 диссертациялық жұмыс және медицина ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесіне 75 диссертациялық жұмыс қорғалды. Диссертациялық кеңестің төрағасы  ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымының докторы, профессор Ілияс РайханұлыҚұлмағамбетов болды.

Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы 2002 жылдан бастап РФ ДСМ «Вектор» мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығымен (Новосибирск қаласы) және МҒРА онкологиялық ғылыми орталығымен (Москва қаласы) бірлесе отырып, халықаралық ғылыми әзірлемелер орындауға қатысты. 2002-2006 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу мен өндіріске енгізу» республикалық жобасы шеңберінде ҚР БжҒМ Фитохимия институтымен бірлесе отырып, екі жобаны жүзеге асырды. 2007 жылы қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін дәрілік заттар әзірлеудегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша профессор Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков пен Валентина Брониславовна Сирота Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары болды.

2002-2003 жылдар аралығындағы кезеңде медициналық академия Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен әріптестік шеңберінде «Дәрілік заттарды тиімді қолдану», «Орталық Азия республикаларында фармацевтикалық білім беруді реформалау мен дамыту жөніндегі 7-ші өңірлік кеңес» халықаралық конференцияларына қатысты.

2002 жылы жоғары оқу орны медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия алды. Стоматологиялық клиника ашылып, оның ұйымдастырушысы медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-стоматолог Қанат Мадиұлы Смағұлов болды. Сол жылы студенттер студенттік емханада медициналық қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сол сияқты 2002 жылы Қазақстан Республикасында бірінші рет жоғары оқу орнының оқу-клиникалық зертханасы жұмыс істей бастады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясында медициналық білім берудің мемлекеттік стандарттарын халықаралық білім беру кеңістігіне бейімдеудің концептуалдық ұстанымын әзірлеудің ғылыми-педагогикалық экспериментін өткізу туралы» 2002 жылғы 12 қарашадағы № 812 бұйрығына сәйкес 5 жыл бойы академияда оқытудың кредиттік технологиясын медициналық білім беруге енгізу жөнінде ғылыми-педагогикалық эксперимент (ҒПЭ) жүргізілді. ҒПЭ бағдарламасының нәтижелері медициналық мамандықтар бойынша 2006 жылғы жаңа мемлекеттік үлгі, №6 нұсқаулық хат, медициналық мамандықтар бойынша 2006 жылғы типтік оқу бағдарламаларын әзірлеу, ҒПЭ және дәстүрлі оқыту түрлері бойынша студенттердің үлгеріміне салыстырмалы талдау жүргізу кезінде пайдаланылды. ҚММА жұмысы мен ұсынылатын білім беру қызмет көрсетулері Нью-Делиде өткен жоғары оқу орындарының Education India 2002 халықаралық көрмесінде жарияланды және ұсынылды.

2003 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясында «ҚММА қызметкерлері мен студенттерінің тәуелсіз кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

2005 жылы жоғары оқу орны ТМД-да бірінші рет өкілетті орган NQA-UK, NQA-Russia сапа менеджменті жүйесінің сертификаттауынан өтті. ҚММА медициналық және фармацевтикалық білім берудің сапасын жақсарту бойынша БДСҰ/МББФ стратегиялық әріптестік шеңберінде халықаралық және ұлттық кеңестеріне қатысты (2003, 2005, 2006, 2007 жж.).

Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалаудың 2006-2010 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2007 жылы академияда оқу-клиникалық (симуляциялық) орталық құрылды, оған медицина ғылымының кандидаты Виктор Петрович Риклефс жетекшілік жасады. Жалпы көлемі 809,2 м2 оқу-клиникалық орталығының барлық жайлары тиісті тренажерлермен, манекендермен, медициналық жабдықпен және құралдармен, аудио-бейне аппаратуралармен, компьютер техникасымен жарақталған. Сол жылы ҚММА Медициналық оқыту орталығы құрылды, оған медицина ғылымының докторы Фарида Нүсіпжанқызы Нұрманбетова басшылық жасады. Орталық медициналық білім беру саласында халықаралық әріптестікпен және жаңа технологияларды оқыту үдерісіне енгізумен айналысты. 2007 жылы жоғары оқу орнында «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», 2008 жылы «Медбике ісі» мамандықтары ашылды.

2007 жылы ҚММА «Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау Тұжырымдамасын іске асыруды ғылыми алып жүру (2007-2009)» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде медициналық білім беру саласында бірінші рет зерттеу жүргізді. Солай болғанымен жоғары оқу орны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің университеттер рейтингіне бірінші рет қатысып, еліміздің медициналық жоғары оқу орындары арасынан бірінші орынға ие болды.

2008 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің рейтингінде ҚММА ТОП-50 құрамына енді және Қазақстанның таңдаулы жоғары оқу орындары арасынан 8-ші орынға ие болды. Сол жылы академия Тараз декларациясы – Қазақстан Республикасы университеттерінің меморандумына қол қойды. Сол кезеңде ҚММА Индия медициналық мектептерінің Медициналық кеңесі таныған оқу орындарының тізіміне енді, олардың түлектеріне Индия аумағында біліктілік емтихандарын тапсыруға рұқсат етілген.

2009 жылдан 2011 жылғы тамызға дейін Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін медицина ғылымының докторы, профессор Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов басқарды. 2009 жылы Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы №188 қаулысымен «Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы» РМҚК «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» РМҚК болып қайта аталды. Сол жылы университет«Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс», «Медбике ісі» мамандықтары бойынша магистратура бағдарламасы және 9 мамандық бойынша резидентураға білім беру қызметін жүргізу құқығын алды.

2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті БСҚТҚА рейтингі бойынша Қазақстанның үздік жоғары медициналық оқу орны болып танылды, сол жылы жоғары оқу орны институционалдық аккредиттеуден  сәтті өтті.

2011 жылдың тамыз айынан бастап Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін медицина ғылымдарының докторы, профессор Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова басқарып келеді. 2011 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті аралық мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша Қазақстанның университеттері арасынан бірінші орынға ие болды. Сол жылы жоғары оқу орны ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметке субьект ретінде аккредиттеуден, 2012 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтті.  Университеттің 2011 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының «Авиценна» медициналық мектептері директориясына (World Directory of Medical Schools, WHO) енуі дәрігерлер даярлаудың жоғары сапасына берілген баға болып табылады.

2011 жылдан бастап университетте профессорлық-оқытушылар құрамы мен оқушылардың (студенттер, магистранттар, PhD докторанттар) ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы белсенді түрде дамуда. 2012 жылы ҚММУ «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» мамандықтары бойынша PhD-докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығын алды.

2012 жылдың сәуір айынан бастап ҚММУ-нде Бақылаушылар кеңесі жұмыс істейді, ол университет қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді, университеттің даму жоспарының жобасы, жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өкілетті органға қорытынды береді, ұжымдық келісімшартты әзірлеуге қатысады. Нәтижесінде бұл университеттің құрылымын жетілдіруге, профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен білім алушыларды әлеуметтік қолдауға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға мүмкіндік береді. 2012 жылғы сәуір айынан 2013 жылғы наурыз айына дейін Бақылаушылар кеңесінің төрағасы ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов болды. Қазіргі уақытта Бақылаушылар кеңесін ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Алма Әлібекқызы Сыздықова басқарады.

Университеттің бастамасымен 2012 жылдан бастап медициналық білім беру бойынша Орталық Азия халықаралық конференциясы өткізілді.  2013 жылдан ҚММУ ТЕМПУС IV Еуропалық Одағының бағдарламасы бойынша мына жобаларды іске асыруға қатысып келеді: қоршаған ортаның гигиенасы саласындағы білім беру, зерттеу және инновациялардың Орталық Азия желісі; проблемалық бағдарланған оқыту мен виртуалдық пациенттерді енгізуге бағытталған медициналық білім берудің ұлттық орталықтары өңіраралық желісін құру; адамдарды дамыту арқылы білім беру ұйымдарын дамытуға ықпал ету.

ҚММУ-нде медициналық кадрларды үздіксіз даярлаудың көп деңгейлі құрылымы іске асырылды. Оған орта буын медициналық қызметкерлерін дайындайтын медициналық колледж, сондай-ақ  үздіксіз кәсіби дамыту факультеті кіреді, онда жыл сайын үш мыңнан астам дәрігерлер өздерінің кәсіби деңгейлерін арттырады. Жоғары оқу орнында оқытудың кредиттік технологиясы мен даярлаудың үшсатылы моделі: бакалавр – магистр – доктор РhD енгізілген.

2013 жылы «Биология» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»бакалавриатының жаңа мамандықтары ашылды. Қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау магистратура мен PhD докторантура шеңберінде «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Медико-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы студенттерді оқыту мен олардың білімін бақылаудың алдыңғы қатарлы жаңа технологияларын, симуляциялық технологияларды енгізді, ЖОО кафедраларының материалдық-техникалық базасы жетілдірілді. Сегіз мыңнан астам студент мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылды. Университетте 70 профессор және ғылым докторлары, 251 доцент, ғылым канидидаты және  PhD, 68 магистрант  сабақ берді. Университет инфрақұрылымы ең заманауи талаптарға сәйкес білім алу үшін жағдай жасауға және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді және интерактивті жабдықпен жабдықтандырылған аудиториялары бар бес оқу корпусын, оқу және мультимедиялық залдары бар ғылыми кітапхананы, жоғары технологиялық тренажерлер мен манекендері бар оқу-клиникалық (жаттығу) орталығын, ғылыми-зерттеу орталығы мен оқу-ғылыми зертханаларды, алты жатақхананы, кафедралардың 46 клиникалық базасын қамтиды. Студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуі үшін Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде орналасқан 205 клиникалық базамен келісім-шарт жасалды. Университетте аккредиттелген емхана және стоматологиялық клиника болды.

2013 жылы ғылыми-зерттеу орталығының құрамында халықаралық стандарттар деңгейінде зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін әлемдік брендтердің жабдықтарымен жабдықталған молекулярлық-генетикалық зерттеулер бойынша ұжымдық пайдалану зертханасы ашылды. Сондай-ақ ҒЗО құрылымында ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы жұмыс істейді.

2014 жылы ұлттық және халықаралық стандарттардың деңгейінде облыс халқына медициналық көмек көрсету үшін жаңа емдеу-диагностикалық жабдықтармен жабдықталған Медициналық университеттің Консультативтік-диагностикалық орталығы ашылды.

Университет жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен халықаралық байланыстар орнатқан. 22 елдің 60 университеттерімен, клиникаларымен, ғылыми орталықтарымен әріптестік жүзеге асырылады. ҚММУ Медициналық білім беруді зерттеу жөніндегі Қауымдастығының (ASME) Еуропадағы Медициналық білім Қауымдастығының (AMEE) мүшесі, Еуропалық жүйедегі биомедицина мен денсаулық сақтау саласындағы PhDқорғау ұйымының (ORPhEUS) мүшесі, Тынық мұхит және Оңтүстік-Шығыс өңірінің академиялық ұтқырлық жөніндегі ұйымының (UMAP) мүшесі болды.

Университетте студенттік зерттеулерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2014 жылы «Жастар және ғылым: жаңа көзқарастар мен шешімдер» конференциясында жас зерттеушілердің медицинаның өзекті  мәселелеріне арналған 54 баяндамасы ұсынылды. Бүгінде университетте студенттерді Reseach based learning негізінде оқытудың инновациялық ұстанымы жүзеге асырылады. Мұндай ұстаным студенттердің бойында тек білім мен машықтарды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге ғылыми жұмысты орындау машықтарын да қалыптастырды. Ғылыми компонент оқу бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады, сонымен қатар университеттің педагогикалық қызметі болашақ дәрігерлерді клиникалық даярлауға бағытталған. Кәсіби тәжірибеден өтуге келісімшарттар республиканың, жақын және алыс шетелдердің 200-ден астам медициналық ұйымдарымен жасалған.

2014 жылы ҚММУ Барселона университетінің басшылығымен Орта Азия университеттері консорциумының құрамында Эрусмус Мундус бағдарламасы аясында Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру грантын жеңіп алды. 2014 жылы Академиялық ұтқырлықтың Білім беру бағдарламасын жазу басталды. Жоғары оқу орнын институционалдық аккредиттеу және білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу сәтті өтті. NQA – UK (Ұлыбритания) сертификаттау органы университеттің сапа менеджменті жүйесін ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкестікке қаита сертификаттады.

2014 жылы ЖОО қаражаты есебінен Гоголь көшесі, 40 мекен-жайы бойынша жаңа оқу корпусының құрылысы басталды.

2015 жылы ҚР Медициналық жоғары оқу орындарының бас институционалдық реитингісінде II орын. «Жалпы медицина» мамандығы және «Медицина» магистратурасы бойынша білім беру бағдарламаларының реитингінде II орынға ие болды. Алғаш рет бірлескен білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілді: Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетімен бірге «Биология» бакалавриаты, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетімен бірге магистратура, Барселонаның Жоғары менеджмент мектебімен (Испания) «Қоғамдық денсаулық сақтау» магистратураның халықаралық білім беру бағдарламасы. ЖОО Еуропалық университеттер қауымдастығына қабылданды.

 ҚММУ «Медициналық қателіктерді болдырмау үшін» жобасын жеңіп алып, Эразмус+ Еуроодақ бағдарламасы грантының грантхолдері болған ҚР бірінші медициналық ЖОО, TAME (2015-2018 жылдар); «Халықтың антибиотикке төзімділігін тежеу  дағдыларын қалыптастыру үшін хабардар болу және іс-шаралар әзірлеу» ғылыми зерттеулерін орындау үшін ДДҰ (EURO) Еуропалық өңірлік кеңсесінен грант алынды.

 2015 жылы «Медициналық білім - жаңа белестер» атты III Орталық Азия халықаралық конференциясы өтті. Электрондық құжат айналымын енгізу басталды. ЖОО-ның ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкестігі қайта сертификатталды және энергетикалық менеджменттің ISO 50001:2011 халықаралық стандартына сәйкестігі сертификатталды (SGS, Швейцария). Алғаш рет SharePoint Корпоративтік порталы енгізілді.

2016 жылы оқу корпустарын қосатын жылы дәліз салынды (Ленин көшесі).  Университеттің консультациялық-диагностикалық орталығы Денсаулық сақтау саласында стационарлық көмек көрсететін медициналық ұиымдар үшін аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне аккредиттеуден сәтті өтті. Университеттің Консультациялық-диагностикалық орталығында «Амбулаториялық хирургия орталығы» ашылды.

2016 жылы ЖОО 6 төсектік тәулік боиы хирургиялық бөлімшеге лицензия алды. Университет «Фармацевтикалық кластер» консорциумының құрамына кірді. ЖОО Еуроодақ Эразмус+ бағдарламасы бойынша тағы екі халықаралық жоба алды: «Орталық Азияда еңбек гигиенасы мен қоршаған орта саласындағы білім, зерттеулер мен инновациялар бойынша желіні нығайту», TUTORIAL (2016-2019 жылдар) және «Жаңа халықаралық университеттік қауымдастықтарға қарсы ашыла отырып», WELCOME (2016-2019 жылдар). Лунд университетімен (Швеция) Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. 6d110100 – Медицина мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық кеңес ашылды.

2016 жылы ортопедия бойынша өнертабысқа Eurasian Patent Ofice бірінші Еуразиялық патенті алынды. ҚР СТ ISO/IEC 17025-2007 талаптарына сәйкестігіне ҚММУ ҒЗО Санитариялық-гигиеналық ғылыми-зерттеу зертханасы аккредиттелді. Гоголь к. 40 мекен-жайы бойынша жалпы ауданы 3 037,9 м2 жаңа оқу корпусының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа ғимаратта университет мұражайы ашылды. ҚММУ-де 150 орындық жаңа асхана пайда болды.

2017 жылы медициналық жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми қызмет нәтижелілігінің көрсеткіштері бойынша I орынға; ҚР медициналық жоғары оқу орындарының бас институционалдық реитингінде Iiорынға; «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының реитингінде Iорынға ие болды.

ҚММУ ҚР ЖОО-да кәсіпкерлік білім беруді енгізу бойынша Еуразиялық жобаға қабылданған жалғыз медициналық ЖОО. 2017 жылы университет студенттері ҚР студенттік инновациялық жобалары арасында «Мейкатон» баиқауында I жүлдеге ие болды.

2017 жылы университеттің симуляциялық білім беру бағдарламасы АМЕЕ аккредиттеу комитетінің ASPIRE «Excellence simulation-based healthcare education» марапатымен марапатталды. «Медициналық білім беруді интернационалдандыру» медициналық білім беру бойынша IV Орталық Азия халықаралық конференциясы өтті. Университеттің халықаралық құрылымдық жобасы Эразмус+ «Қазақстандағы университеттік автономияға көшу» TRUNAK (2017-2020 жылдар) бағдарламасы бойынша Еуроодақ грантын алды. ЖОО Эразмус+ бағдарламасының «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау арқылы меиірбике ісі саласындағы жоғары білім берудің инновациялық әлеуетін дамыту» жобасын алды, ProInCa (2017-2020 жылдар).

2017 жылы ЖОО ҚР ДСМ Фармация комитетінің тиісті клиникалық практика (GCP) стандартына сәйкестік сертификатын алды. Университет ISO 9001:2015 халықаралық стандартының жаңа нұсқасына сәтті көшті («Русский регистр» сертификаттау жөніндегі ассоциациясы, Ресей). 6D110400 «Фармация» және 6D074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша Диссертациялық Кеңес ашылды.

2018 жылы университет «QS Stars» рейтингінде «Үш жұлдыз» мәртебесіне ие болды. «Атамекен» ҰКП жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары 1-орын, «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» – 2-орын, «Мейіргер ісі» – 3-орын алды.

2018 жылы университетте «HealthTech» атты I Республикалық студенттік хакатон өтті, жобаның жеңімпазы құрамында ҚММУ студенттері бар команда болды; «IT Weekend 2018» халықаралық қатысуымен хакатонында «Enactus KSMU» командасы І орынға ие болды, «Big Ideas Camp» республикалық жобалар байқауында – I орынға, «Enactus Kazakhstan» Ұлттық кубогында Лигада  – III орынға ие болды.

 Топ-менеджерлер позициясына 4 шетелдік сарапшылар тартылды, соның ішінде Ваива Хендриксон (Литва) – Провост (Бірінші проректор); Үндістаннан ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамына 4 профессор тартылды.

2018 жылы университеттің практикалық дағдылар орталығы SESAM аккредиттеу органы мойындаған Еуропаның симуляциялық орталықтарының тізіміне және SSH аккредиттеу органының симуляциялық орталықтарының Халықаралық Директориясына енді. Эразмус+ ЖБӘА жобаларының көрмесінде ҚММУ серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, 4 жоба бойынша жүлделі орындарға ие болды.

2018 жылы №1 қалалық аурухана базасында университеттік клиника ашылды. Медициналық жоғары оқу орындары арасында алғашқы студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

2018 жылы Үкімет қаулысымен Университет «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып Ұлттық еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығымен бірігу жолымен қайта құрылды. Университет медициналық ЖОО арасында бірінші болып Академиялық адалдық лигасына қабылданды.

2019 жылы ЖОО Зерттеу университеті мәртебесін алды. Атамекен ҰКП рейтингінде Университеттің «Мейіргер ісі» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламалары Iорынды алды. Студенттердің IFOM халықаралық емтиханын тапсыру нәтижелері бойынша ҚР медициналық жоғары оқу орындары арасында көшбасшылық анықталды.

2019 жылы ДМБФ (АРТА) стандарттары бойынша институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу сәтті өтті. Алғаш рет ЖОО-ның қосымша білімін институционалдық аккредиттеу (АРТА) жүргізілді. ТжКБ (АРТА) деңгейін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жүргізілді. Университет ҚР БҒМ қаржыландыруда Қазақстан Республикасының университеттеріндегі технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру кеңселерін іріктеу бойынша конкурста жеңіске жетті. ЖОО Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қорының ағылшын тілі бағдарламасы байқауында жеңіске жетті (2019-2020 жылдар).

Университет Эразмус+ SPRING бағдарламасының (2019-2022 жылдар) халықаралық жобасын, DEEPRAFT (2019-2021 жылдар) халықаралық жобасын алды, сондай-ақ Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаларға қатысады;

2019 жылы «ҚМУ» КеАҚ Тәжікстан Республикасында медициналық білім беруді дамыту бойынша Кеңесші болды. 6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңес ашылды.

2020 жылы университет Эразмус+ бағдарламасы бойынша үш жоба бойынша Еуроодақтың 3 грантын жеңіп алды: «Еңбек және қоршаған орта гигиенасы саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану», HARMONEE (2020 – 2023 жылдар); «Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде меиірбикелік білімді жедел дамыту», AccelEd (2020 – 2023 жылдар); «21 ғасыр дәрігерін дамытуға жәрдемдесу: науқас-орталықтанған қарым-қатынас дағдыларына үйрету», FOR21 (2020-2023 жылдар). ЖОО Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің «Эразмус+ бағдарламасының ЖБӘА жобаларының әсері мен нәтижелерінің тұрақтылығы» институционалдық мониторингінен сәтті өтті.

Университет базасында COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясына қарсы күресте Қытайдан Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсету аясында Қытайдан келген дәрігерлер делегациясының сапары ұйымдастырылды. Пандемия кезінде университеттің клиникалары мен жатақханаларында карантиндік орталық, 2 провизорлық стационар және инфекциялық стационар ашылды.

2020 жылы университеттің сапа менеджменті жүйесі «Русский регистр» сертификаттау жөніндегі ассоциациясының ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігіне қайта сертификаттаудан өткізілді. Санитарлық-гигиеналық ғылыми-зерттеу зертханасы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 стандартына көшу бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығының бағалауынан сәтті өтті.

 ЖОО қаражаты есебінен 400 орындық жатақхананың құрылысы басталды;

«Атамекен» ҰКП рейтингінде университеттің «Жалпы медицина», «Стоматология» және «Фармация» білім беру бағдарламалары Iорынды алды.

Университеттің басты аттестаты – оның түлектері. 33 мыңнан аса жоғары білікті дәрігерлер Қазақстанның барлық өңірлерінде, жақын және алыс шетелдерде табысты және жемісті еңбек етуде. Жоғары оқу орнын бітірген үш түлек әр жылдарда еліміздің медициналық қызметін басқарды: ҚР Денсаулық