Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Кітапхана
Кітапхана туралы
Кітапханалық Кеңесі

Кітапханалық Кеңесі

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті  кітапханасының кітапхана кеңесі туралы ережесі

1.Жалпы ережелер

1.1.Кітапхана кеңесі университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша құрылады.

1.2.Кітапхана кеңесі қызметінің тәртібі осы Ережемен анықталады, оны ҚММУ Ғылыми кеңесі бекітеді.

1.3.ҚММУ кітапханасының кітапхана кеңесі университеттің оқу-тәрбие және ғылыми қызметіне тиімді қатысуына ықпал ететін кеңесші мүше болып табылады.

1.4.Кітапхана кеңесі кітапхана қызметін университеттің басқа ғылыми және оқу бөлімшелерінің оқу - тәрбие процесін және ғылыми зерттеулерді басылымдармен, басқа да құжаттармен және олар туралы ақпаратпен жедел және толық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысымен келіседі.

1.5.Кітапхана кеңесінің құрамына барлық мектептердің өкілдері, кітапхананың жетекші қызметкерлері кіреді.

1.6.    Кітапхана кеңесінің мүшелері 5 жыл мерзімге сайланады.

1.7.  Кітапхана кеңесінің құрамы кітапхана директорының ұсынуы бойынша университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі.

1.8.  Кітапхана кеңесін кеңес мүшелерімен сайланған төраға басқарады. Төраға орынбасары болып кітапхана директоры, кеңес хатшысы - кітапхананың бас маманы.

1.9.  Кітапхана кеңесі жұмыс жоспарына сәйкес кемінде жылына екі рет жиналады. Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша жоспардан тыс жиналыстар өткізілуі мүмкін.

1.10. Кітапхана кеңесінің отырысы хаттамаланады. Кеңес шешіміне кітапхана кеңесінің хатшысы және төраға қол қояды. Хаттаманың бір данасы үнемі кітапханада сақталады. Отырысқа қатысуға кафедралардан өкілдері шақырылады, олардың қатысуымен негізделген шешімдерді қабылдайды. Төраға кеңес шешімдерінің орындалуын бақылайды.

1.11. Хатшы отырыс хаттамаларын әзірлейді.

1.12.Кітапхана кеңесі кітапхананың жоспарлары мен есептерін қарайды, Ғылыми кітапхананың қызметін жетілдіру бойынша басқарушы кеңеске (ректоратқа) тиісті ұсыныстар енгізеді.

1.13. Кітапхана кеңесінің шешімі нұсқаулық және кеңестік сипатында болады.

1.14. Кеңес мүшелері өз жұмыстарымен өздері уәкілі болып табылатын кафедра мен мектептерді таныстырады.

2. Негізгі міндеттер

2.1.   Кітапхана қорын жинақтаудың тақырыптық-типологиялық жоспарын түзеу және әзірлеуге қатысу.

2.2. Кітапхананың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге материалдарды, жабдықтарды, есептеуіш және ұйымдастыру жабдықтарын қамтамасыз етуге көмек көрсету.

2.3. Университеттің бағытына сәйкес әр түрлі басылымдармен 

        кітапхана қорын қалыптастыруға көмек көрсету.

3. Функциялары

3.1.    Кітапханадағы қолданыстағы құжаттармен әзірленген шешімді келісу.

3.2.    Оқу үрдісін кітаппен қамтамасыздандыруды тұрақты бақылау.

3.3.    Баспалар, кітап дүкендерінің прайс-тізімдерін қарау, кітапішілік ақпаратты жаңадан шыққан әдебиеттер туралы қосымша ақпараттарды ұсынылатын басылымдар туралы кафедраларды әрі қарай хабардар ету, қорды толықтыруға әдебиеттер тізімдерін жасау.

3.4.    Әдебиеттерге өтініштерді және жоспарларды қалыптастыруда ұсыныстарды енгізу.

3.5.    Мазмұны бойынша ескірген басылымдарды есептен шығаруға іріктеуде ұсыныстарды енгізу және кеңестік көмекті көрсету.

4. Құқықтары мен жауапкершілігі Кітапханалық кеңес құқылы:

4.1.     Ғылыми кеңес, басқарушы кеңес (ректорат) отырысына ҚММУ кітапханасын ұйымдастыру, жоспарлау, қамтамасыз ету және бақылау бойынша ұсыныстар енгізу.

4.2.    Кітапхана жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу.

4.3.    Кафедралардан және құрылымдық бөлімшелерден ақпараттық ресурстарды сатып алуға өтінімдерді сұрау.

Кітапхана кеңесі жауапты:

4.4. Кітапхана Кеңесіне жүктелген функцияларды тиісті орындамау немесе орындамау.

5. Университеттің бөлімшелерімен өзара байланыс

Кітапхана кеңесі өзара байланыс жасайды:

5.1.   ЖОО кафедралары мен мектептерімен - ғылыми және оқу әдебиетін жинақтау мәселелері бойынша;

5.2.    Мемлекеттік сатып алу бөлімімен – әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды сатып алу мәселелері бойынша.

5.3. Құжаттамаларды басқару бөлімімен – бөлімшелерді ақпараттандыру мен сыртқы құжат алмастыру бойынша.

5.4. Деканаттармен – студенттерге қызмет көрсету бойынша ақпаратты алу және ұсыну үшін.

5.5. Академиялық жұмыс департаментімен – білім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша бұйрықтар және сабақтар кестесін ұсыну бойынша.

5.6. Инновациялық технологиялар трансферті және кәсіби даму орталығымен  медициналық білім беруге қатысты ұсынымдар беру мәселелері бойынша.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік