Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

«2015 жылдың 31 шілдедегі №647 ҚР ДС және ӘД министр м.а. бұйрығымен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларына сәйкес:

Оқыту нәтижелері дескрипторлардың үшінші деңгейі (докторантура) негізінде айқындалады және құзыреттер арқылы көрсетіледі. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де қалыптасады.

 Үшінші деңгейлі дескрипторлар:

 1) зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерді, осы салада пайдаланылатын зерттеу іскерлігі мен әдістері бөлігіндегі шеберлігін демонстрациялау;

 2) ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету;

 3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға тұратын өзінің бірегей зерттеулерімен ғылыми саланың шеңберін кеңейтуде үлес қосу;

 4) жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және синтездеу;

 5) өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабардар ету.

Ph-доктордың жалпы құзыреті:

 1) мыналардан:

 ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы;

 денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласының пән ретінде, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшеліктері туралы;

 денсаулық сақтаудағы медицинаның ғылыми мектептері, олардың теориялық және практикалық әзірлемері туралы;

 әлемдік және қазақстандық медицина ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы;

 ғылыми әзірлемелерді практикадағы қызметке енгізу тетіктері туралы;

 өзінің кәсіби қызметінің аясында деректерді статистикалық талдаудың заманауи әдістері және негізгі процестерді монитроингілеу және бағалауға арналған олардың мәні туралы;

 ғылыми қауымдастықтағы өзара іс-қимыл нормалары туралы;

 ғалым зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігі бар;

 2) мыналарды:

 жаһандану мен интернационализация шарттарындағы отандық медициналық ғылымның заманауи үрдістері, даму бағыттары мен заңдылықтарын;

 ғылыми таным әдіснамасын;

 тиісті саладағы әлемдік және қазақстандық медициналық ғылымның жетістіктерін;

 жоспарлау, ұйымдастыру және медицинадағы зерттеулер әдістемесінің қағидалары мен қағидаттарын;

 дәлелді медицинаның теориялық және практикалық негіздерін;

 медициналық және биомедициналық зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

 заманауи клиникалық эпидемиология және биоэтика теориясы мен практика негіздері;

 ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігін (сезінуі және қабылдауы);

 ғылыми коммуникацияны және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін шет тiлiн кәсiптік деңгейде біледі және түсінеді;

 3) мыналарды:

 ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыра, жоспарлай және іске асыра алады;

 зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдай, бағалай, салыстырй және тұжырым жасай алады;

 әртүрлі көздерден алынған ақпараттарды талдай және өңдей алады;

 заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеулерді өз бетінше орындай алады;

 өзінің жаңа ғылыми ойларын айта алады, ғылыми таным шеңберін кеңейте отырып, өзінің білімін және ойын ғылыми қоғамдастыққа хабарлай алады;

 зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдай алады және оны тиімді қолдана алады;

 өзінің одан арғы кәсіби дамуын жоспарлай және болжай алады;

 4) мынадай:

 әртүрлі ғылыми теориялар мен ойларын сыни тұрғыда талдау, бағалау және салыстыру;

 ғылыми қызметте талдау және эксперимент жүргізу;

 зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау;

 халықаралық ғылыми форумдарда, конференциялар мен семинарларда шешендік өнер және көпшілік алдында сөйлеу;

 ғылыми хат пен ғылыми коммуникация;

 ғылыми зерттеулер процестерін жоспарлау, үйлестіру және іске асыру;

 зерделеу саласын жүйелі түсіну пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапасы мен нәтижесін демонстрациялау;

 ғылыми іс-шараларға, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысу;

 жетекшілік және ұжымды басқару;

 ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарау;

 заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып, патенттік ізденіс жүргізу мен ғылыми ақпаратты беру тәжірибесінің;

 ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелерге зияткерлік меншік құқығын қорғау;

 шет тілінде еркін қарым қатынас жасай білу дағдылары бар;

 5) мыналарда:

 ақпараттар ағымының жедел жаңару және өсу жағдайларында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;

 теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізуде;

 ғылыми зерттеуде теориялық және қолданбалы міндеттерді қою мен оларды шешуде;

 тиісті саладағы проблемаларды кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде;

 жеке адама арасындағы қарым-қатынас және адами ресурстарды басқару мәселелерінде;

 мамандарды ЖОО-ларда даярлау мәселелерінде;

 ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуде;

 тұрақты кәсіби өсуді қамтамасыз етуде құзыретті.»


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік