Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Хабардандыру
Хабарландыру

Хабарландыру

02 Желтоқсан 2020

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақпараттандыру және инфрақұрылымды дамыту бөлімі

Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі техникалық бөлімінің бастығы - 1 бірлік.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты 2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін, сағат 18.00-ге дейін.

Университетте жұмыс істемейтін және конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар МУК КЕАҚ адам ресурстарын басқару департаменті директорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

4) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар және т. б.).

Университетте жұмыс істейтін және конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар МУК КЕАҚ адам ресурстарын басқару департаменті директорының атына мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді: мінездемелер, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізіміне қатысты қосымша ақпарат, Ғылыми хатшы растаған.

Бөлімше басшысының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша бөлімшенің стратегиялық дамуы туралы презентация дайындауы тиіс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Ғимараттар мен құрылыстардың ағымдағы, капиталды және пайдалану жөніндегі техникалық бөлімінің бастығы лауазымына - жоғары кәсіби (техникалық) немесе орта арнайы білімі және осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі кемінде бір немесе үш жыл болған жағдайда.

Анықтама алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады:

Қарағанды қ., Гоголь көш., 40, адам ресурстарын басқару департаменті

(каб. 218) тел: 8 (7212) 50-39-30 (1206, 1672)


0
329

пікірлер

пікір қалдыру үшін.