Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Хабардандыру
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

04 Қыркүйек 2019

Сіздерді 2019 жылдың 4-5 қазанында өтетін

 «Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс және психология:

даму, инновация және  перспективалар»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты– тәжірибе алмасу, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс пен психология жүйесін жетілдіру және оларды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды практикалық іске асыру мәселелерін талқылау. 

Конференция тақырыбы осы проблемамен байланысты өзекті пәнаралық мәселелерді жан-жақты жария етуді қамтиды.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Денсаулық сақтау саласындағы денсаулық сақтау технологиялары, әлеуметтік жұмыс пен психологияның түрлері мен әдістері.
  2. Медициналық-әлеуметтік жұмыстағы сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл.

Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстар, «Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың қызметіндегі менеджмент және құқықтық реттеу» дөңгелек үстелі, сондай-ақ мастер-кластар өтеді:

·  Әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент (Жаттықтырушылары: Роза Абзаловна Абзалова – м.ғ.д., профессор, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының Басқарма Төрайымы; Кумарова Гульнара Хасеновна – әлеуметтік жұмыс бойынша магистр, Нұр-Сұлтан қ. №13 қалалық емханасының әлеуметтік қызмет жөніндегі үйлестірушісі)

·  Денсаулық сақтаудағы психология(Жаттықтырушысы: Абдрашитова Татьяна Анатольевна – психология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық психология ғылымдары Академиясының толық мүшесі, Еуразия Гуманитарлық институты, Нұр-Сұлтан қ.)

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшын.

Қатысу түрлері: ауызша баяндамалар, жариялау (тезис), постерлік сессия.

Конференция материалдары бойынша тезистер жинағы шығарылады.

Конференцияны өткізу мекен-жайы: Қарағанды қ., Гоголь көш., 40. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Ұйымдастыру комитеті: Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қ., Қарағанды медицина университеті, Гоголь көш., 40

Төрайым – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (1219), turmuhambetova@qmu.kz

Төрайымның орынбасары – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ зерттеу мектебінің деканы Едильбаева Танзира Токтархановна, тел.: 8 (7212) 50-39-30 (1494), Edilbaeva@qmu.kz

Конференция материалдары жинағының жауапты хатшысы – зерттеу мектебінің редакторыСербо Екатерина Сергеевна, байл. тел.: 8 (7212) 50-39-30 (1286), 8-701-366-14-74, serbo@qmu.kz

Конференция жұмысына қатысу үшін келесі материалдарды ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберу қажет:

1.  Конференцияға қатысуға өтінім (нысан қоса беріледі);

2.  баяндама, тезис (электронды нұқсалар)

3.  жарияланым/ұйымдық жарнаны төлеу туралы түбіртектің көшірмесі.

Қатысуға өтінім беру мерзімі– 2019 жылдың 16.09 дейін.

Жинақта жариялау үшін тезистерді ұсыну мерзімі – 2019 жылдың  23.09 дейін.

Тезистерді рәсімдеуге қойылатын талаптар

1.  Көлемі 1500 символдан кем емес тезистер стандартты парақтың бір жағында Times New Roman, Kz Times New Roman шрифті, кегль 10, жоғарыдан және төменнен 2 см, сол жақтан 4 см, оң жақтан 1,5 см, жолдар арасындағы бір интервалмен басылуы тиіс. Бірінші жолда  авторлардың Т.А.Ә. көрсетіледі (бесеуден көп емес)*.Екінші жолда – тезистің атауы (бас әріптермен), үшінші жолда – мекеменің атауы, қала**.Тезистің соңында барлық авторлардың тегі, аты, әкесінің аты (толық), мекен-жайлары мен телефондары және электрондық пошталарының мекен-жайлары көрсетілуі тиіс. Басылымға бір автордан 2 тезис қабылданады.

* Автордың(лардың) аты-жөні әр адамның жұмыс орнымен индекстеледі – А. В. Витавская 1, Н. И. Пономарева 2, Г. К. Алтынбаева 3

** Автордың(лардың) жұмыс орны – Алматы технологиялық университеті1, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы2, Рудный индустриалдық институты3.

2.  Жалпы қабылданғандарды қоспағанда, сөздерді, есімдерді, атауларды қысқартуға жол берілмейді.  Өлшем бірліктері СИ жүйесі бойынша беріледі. Аббревиатуралар мәтінде бірінші пайда болғаннан кейін түсіндіріледі және өзгеріссіз қалады.

3.  Материалдар жинақта соқыр көшіру әдісімен орналастырылады, сондықтан тезистер жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып, мұқият редакцияланған түрде қабылданады.

4.  Конференцияны ұйымдастыру комитетіне жариялау үшін бұрын жарияланған немесе басқа редакцияларға жіберілген жұмыстарды жіберуге жол берілмейді.

5.  1 тезисті жариялау құны 500 теңге.

6.  5 000 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын 2019 жылдың 31 қыркүйегіне дейін «ҚММУ түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің шотына аударуға болады.

7.  Ұйымдастыру жарнасының құнына кіреді:

-  конференция жұмысына қатысу,

-  конференция материалдары (баспа басылымы),

-  қатысушының жиынтығы,

-  қатысушының сертификаттары.

Ұйымдастыру комитеті мен редакциялық комиссия конференцияға мақалалар мен баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

Тезистер жарияланымдарын төлеу үшін «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ  деректемелері  :

Ұйымдастыру жарналарын төлеу үшін «ҚММУ түлектерінің қауымдастығы» ҚБ деректемелері:

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ

Мекен-жайы: Қарағанды, Гоголь көш., 40

ЖСК  KZ788562203105907245 (KZT)

БСН  190140033600

Тел.:  50-39-30

 «БанкЦентрКредит» АҚ

Қарағанды қ.

БСК  KCJBKZKX

БСН 980841000185

Кбе  16

КНП 859

«Жинақта тезисті жариялау үшін» белгісімен

 «ҚММУ түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

БСН 150540006869

ЭҚЖЖ 94990

КҰЖРЖ 52969822

ЖСК KZ68914052203KZ000WV

 «Сбербанк» АҚ ЕБ

БСК SABRKZKA

Кбе 18

 «Ұйымдастыру жарналары үшін» белгісімен

ü  Іссапар шығындары және тұру жіберуші тараптың есебінен.

1-қосымша

Конференцияға қатысуға өтінім

Т.А.Ә. (толық)

Мемлекеттік тілде _____________________________________________________________

Орыс тілінде _________________________________________________________________

Ағылшын тілінде ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі,  атағы________________________________________________________

Ұйымы, лауазымы________________________________________________________

Мамандығы________________________________________________________________

Телефон ______________________________________факс____________________________

e-mail________________________________________________________________________

пошталық мекен-жайы _________________________________________________________

  ауызша хабарлама   жарияланым  постер

Баяндама атауы______________________________________________________

Конференцияда болу мерзімі: келу күні ___________________________________

   кету күні  ____________________________________


0
865

пікірлер

пікір қалдыру үшін.
Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік