Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Кафедралар
Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

Жұқпалы аурулар кафедрасы 1953 жылы Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында құрылған.

   Кафедрада 5В130100-Жалпы медицина, 5В110200-ZiV 1208-Денсаулық және ауру,5В130200-Стоматология,5В110100-Мейірбике ісі мамандықтары студенттерін  «Жұқпалы аурулар»пәні бойынша дайындау жүргізіледі. «Аса қауіпті инфекциялар» таңдау пәні 5В110200-Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы үшін қарастырылған.  2012-2013 оқу жылынан бастап кафедрада 5В130100-Жалпы медицина мамандығы «Ішкі аурулар» және «Жалпы тәжірибелік дәрігер» бағыттары бойынша интерндерді дайындау жүргізілуде. Дипломнан кейінгі білім беру деңгейінде 6R111300 «Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалар» мамандығы бойынша резидентураның білім беру бағдарламасының көлемінде қазіргі уақытта бірінші оқу жылғы 8 резидент, екінші оқу жылғы 7 резидент білім алуда.

Кафедрадапрофессорлар мен доценттер жұмыс істейді:

   Ким Антонина Аркадьевна, эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын тамамдаған соң ҚММУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасында клиникалық ординатураны өткен.2001 жылдан бастап жұқпалы аурулар кафедрасында жұмыс істейді. 60 астам басылымдары бар, 2 оқу-әдістемелік құралы, «Пульмонология», «Гематология», «Гастроэнтерология» Модулі, «Ішкі аурулар» оқулықтарының авторы. «Қызылша», «Аскаридоз», «Описторхоз» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамаларын жете тексеріп, «Ботулизм» бойынша клиникалық хаттаманы әзірлеуге қатысты. 2015 ж. ПОҚ бірлесіп, ҚР вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың (қызылша, В вирусты гепатиті) тақырыбында ғылыми зерттеулер көлемінде ғылыми грантқа қатысты. Медициналық қызмет сапасын бағалау саласындағы тәуелсіз сарапшы. Жоғары біліктілік санатты дәрігер - инфекционист болып табылады. ҚР ДМ тарапынан мақтау қағаздар, алғыс хаттар, марапаттауларға ие.

   Рахимбаева Райса Ахметбековна, медицина ғылымының кандидаты, доцент. ОЛОЖДИ - да мақсатты аспирантураны бітіргеннен кейін Мәскеу қаласында 1981 ж. кандидаттық диссертацияны Пирогов атындағы I МММИ - қорғады. 35 ғылыми баспалары бар. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төс белгісімен марапатталды, көптеген ынталандыру жәнеалғыс хаттары бар.

  Тимченко Наталья Александровна, медицина ғылымының кандидаты, ассоциирленген профессор. Өзінің тәжірибесінде медицина ғылымының жаңа жетістіктерді пайдалана отырып диагностика, жұқпалы аурулар емдеу және алдын алудың, гельминтоздардың, АИТВ және ЖИТСтің, иммунды жетіспеушіліктің сұрақтармен айналысады. 40 астам басылымдардың, 2 оқу - әдістемелік басылымдардың, 1 рационализаторлық ұсыныстың авторы, 2 тәжірибеге енгізуі, зияткерлікменшікке 1 авторлықкуәлігі бар.

   Сарсекеева Назгуль Есентаевна,  PhD докторы, кафедраның ассоциирленген профессоры. 2013 жылдың тамыз айында медицина саласындағы магистр дәрежесін алу үшін магистрлік диссертациясын қорғады. 2016 жылы ҚММУ докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми қызығушылығы: АИТВ-жұқпасы, оппортунистік инфекциялар. 40-тан астам жарияланымдардың авторы, зияткерлік меншік бойынша 1 авторлық куәлікке ие. Орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді. Студенттерді ағылшын тілінде оқытуға жауапты. Орыс, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

  Жунусов Ержан Сейполович, PhD докторы, кафедраның ассоциирленген профессоры. «Жұқпалы аурулар»  мамандығы бойынша  жоғары санаттағы дәрігер. Педагогикалық жұмыс өтілі - 13 жыл, клиникалық жұмыс өтілі - 13 жыл. Ғылыми қызығушылығы: Жұқпалы аурулардың ұтымды фармакотерапиясы, ҰІИ, вирустық гепатит. «Созылмалы вирустық гепатиттің кешенді терапиясындағы гепатопротекторлар» тақырыбы бойынша магистрлік диссертация қорғады, 2013 жыл, ҚММУ. Ғылыми жетекшісі: профессор Кошерова Б.Н. PhD докторлық диссертациясын қорғады: «Коронарлық артерияның рестенозының жоғары қаупі бар науқастарда антиагреганттық дәрілік бақылау», 2017 ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ. Ғылыми жетекшілері: профессор Р.Абдуллабекова, профессор Ж.Ж. Тайжанова, профессор Ульрих Кристоф Битц. 40-тан астам жарияланымдардың авторы, соның ішінде Clarivate Analytics дерекқорлар журналдарында (Thomson Reuters) 2 мақала, Scopus деректер базасында 2 жарияланым, 2 оқу – әдістемелік  құралы, 2 практикалық нұсқаулық, зияткерлік меншік бойынша 2 авторлық куәлігі бар. Орыс, мемлекеттік және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді.

  Кафедраның ассистенттері:

Бейсенова Гулжахан Рахимбаевна, кафедра профессорының ассистенті. Қарағанды медицина институтын бітірген соң, клиникалық ординатурада «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дайындықтан өткен.1995 жылдан бастап кафедра ассисенті болып жұмыс атқарады. Вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулар мәселе бойынша ғылымигрантынорындаушысы болып табылады. Мемлекеттік тілде іс жүргізеді. Жоғары біліктілік санатты дәрігер. Алғыс хаттар мен марапаттауларға ие.

Колмогорова Екатерина Леонидовна, кафедра профессорының ассистенті. Оқу процесі кезінде бакалавриат және интернатура, белсенді түрде енгізуде инновациялық оқыту әдістерін ұйымдастырады және бақылайды. Көлемді әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Интерндерге арналған «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Ішкі аурулар, Жалпы дәрігерлік практика базасына, оқу-әдістемелік кешенін, тест тапсырмаларын, ситуациялық тапсырмаларды құрады. Кафедра отырысының хатшысы болып табылады. Жоғары біліктілік санатты дәрігер. Алғыс хаттар мен марапаттауларға ие. 

  Хайырова Улмекен Орымбаевна, кафедра профессорының ассистенті. Қарағанды медицина институтын бітірген соң , емханалық ординатурада «Жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дайындықтан өткен.1995 жылдан бастап кафедра ассистенті болып жұмыс атқарады. 2014 ж біріншілік мамандандыруды ультрадыбысты - диагностика бойынша өтті. Стоматология бағытында Жұқпалы аурулар бойынша студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешенін дайындады. Қазіргі уақытта ҚМУ медициналық клиникасында емдік-диагностикалық жұмыстар жүргізеді. Университеттің және денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттары және ынталандыруы бар.

  Мансурова Тамара Петровна, кафедра ассистенті. Инфектология саласында мол тәжірибесі және білімі бар, ондаған жылдар бойы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болды. Жалпы медицина мамандығының 4 курс студенттерінің тәлімгері.

   Ауесбаева Шынар Каиржановна, педагогикалық өтілі - 1 жыл, клиникалық жұмыс өтілі - 3 жыл. Ғылыми қызығушылығы - гельминтология. Орыс, ағылшын, мемлекеттік тілдерінде сабақ жүргізеді.

   Дауленова Айдана Есенгелдиевна, педагогикалық өтілі - 2 жыл, клиникалық жұмыс өтілі  - 3 жыл. Ғылыми қызығушылығы - гельминтология. Орыс, ағылшын, мемлекеттік тілдерінде сабақ жүргізеді.

 Бейімбетова Маржан Рымхановна, кафедра  профессорының ассистенті,  дерматовенерология пәніне жауапты. 2015 жылы медицина магистрі дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады. Медицина магистрі дипломының иегері. 20-дан астам басылымның авторы, 1 оқулық, зияткерлік меншік бойынша 1 авторлық куәлігі бар. Облыстық дерматовенерологиялық диспансер базасында оқу үрдісін ұйымдастырады және бақылайды.  Орыс тілінде, мемлекеттік тілде сабақ береді, екі тілде пән бойынша оқу – әдістемелік құрал жасайды. ҚМУ МК негізінде Қарағанды ​​облысындағы дерматовенерологтар қоғамының төрағасы. Жоғары білікті санатты дәрігер.

  Резиденттердің клиникалық тәлімгері:

  Асанова Айгуль Мажитовна,  ҚМУ Клиникасының әкімшілік бөлімшесінің амбулаторлық-емханалық көмек жөніндегі орынбасары.

Кафедрадағы зертханашылар:

 Кафедрада жоғары деңгейлі біліктілігі бар лаборант Катпагулова Нұргүл Адамбековна 2012 жылдан бері жұмыс жасайды, іс қағаздарын жүргізуге жауапты.

 Кафедрада 2013 жылдан бастап жоғары біліктілігі бар лаборант Тлеубаева Сауле Қайратқызы кафедрада жұмыс істейді, азаматтық қорғаныс жолы бойынша жұмысқа, ҚМУ қызметкерлері және ПОҚ спартакиадасына жыл сайын белсене қатысады.

  Кафедрада жоғары біліктілігі бар лаборант Мукашева Мадина Хамзеевна 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, іс қағаздарын жүргізуге жауапты.

  Кафедра қызметкерлері педагогикалық және біліктілік деңгейін арттыру, жетілдіру оқу үдерісінің жұмысына қатысады, халықаралық конференциялар жұмысына қатысып, мастер-кластар өткізеді.

 Кафедрадағы  емдеу процесі  Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен ҚМУ клиникасы базасында жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері науқастарды емдеуде жетекшілік етеді, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, қала емдеу мекемелеріне көмек үшін медициналық апат сызығы бойынша шығу, кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырады.

  Кафедраның негізгі ғылыми бағыты «Жұқпалы аурулардың (қызылша, В вирусты гепатиті) вакцинамен» басқарылатын қаупін болжау болып табылады. Кафедра құрылған сәттен бастап 2 докторлық және 2 кандидаттық, 3 магистерлік және 2 PhD докторлық  диссертациялар қорғалды.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік