Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институты
«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы (ҒЗСГЗ)

«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы (ҒЗСГЗ)

«ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы (ҒЗСГЗ)

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы 2007 жылы кафедра аралық санитарлық-гигиеналық зертхана ретінде құрылды. Зертхананы құрудың мақсаты оқу процесінде өнеркәсіптік, экологиялық факорларды және қоршаған орта мен өндірістік орта экологиясы мен гигиенасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін заманауи өлшеу құраладарымен қамтамасыз ету болды. 2010 жылы кафедра аралық санитарлық-гигиеналық зертханасы ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы болып қайта құрылды және ҚММУ ғылыми зерттеу орталығының құрамына енгізілді. 2019 жылы ҚММУ-нің «Қарағанды медицина университеті» Комерциалық емес акционерлік қоғам («ҚМУ» КеАҚ) болып қайта құрылуымен байланысты ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы «ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының құрамына енді.

2016 жылы ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертхана ХСҰ ЭТК МЕСТ 17025 - 2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының компетенттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша аккредитациядан табысты өтті (Сертификат KZ.Т.1758).

ҒЗСГЗ Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналасқан «Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізетін мамандандырылған ұйымдар тізіміне» енгізілген.

b8bfa3fc0416367a8808b7c29b001b62

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының негізгі мақсаты:

·  студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және білімдерін жоғарылату курсы курсанттарының тәжірибелік сабақтарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

·  гигиенаның, еңбек медицинасының, экологияның маңызды мәселелері бойынша іргелі, теориялық және ізденістік зерттеулер жүргізу;

·  «ҚМУ»КеАҚ магистранттарын, докторанттарын, студенттерін және оқытушыларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғылыми қолдау көрсету;

·  өндірістік нысандарда санитарлық-гигиеналық зерттеулер жүргізу бойынша шаруашылық келісім шарт жұмыстарын орындау;

·  еңбек жағдайлары бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу.

9ab52f8df1dc8b871dd4c2723e29fc23

Зертхананың негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары:

·  еңбек ететін тұрғындардың денсаулығына кәсіби қауіптерді анықтау;

·  хризотил өндірісінде санитарлық-гигиеналық зерттеулер;

·  өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайлары;

·  еңбек процесін физиологиялық зерттеулер;

·  гранттық ҒЗЖ;

·  технологияларды коммерциализациялау бойынша инновациялық гранттар.

Зертхана заманауи қолайлы сандық өлшеу құралдарымен және заманауи жылжымалы санитарлық-гигиеналық зертханасымен жабдықталған. Өлшеу құралдарының сезімталдығы өте жоғары, ҚР тіркелген өлшеу аспаптары мен құралдарынның тізіміне кіреді және уақытылы мемлекеттік тексерістен өтіп отырады.

a9f02fa6d54d543b423bf273dd06ad1a

ҒЗСГЗ мамандары құрамы:

Жарылқасын Жеңісбек Жарылқасынұлы, зертхана меңгерушісі, м.ғ.к., ассоц.профессор;

Гребенева Ольга Васильевна, бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., ассоц.профессор;

Намазбаева Зулкия Игеновна, бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., профессор;

Отаров Ертай Жалгаспаевич, бас ғылыми қызметкер, м.ғ.д., «ҚМУ» КеАҚ профессоры;

Шадетова Алмагуль Женисовна, жетекші ғылыми қызметкер, б.ғ.к.;

Алексеев Алексей Владимирович, ғылыми қызметкер, PhD-докторант;

Тилемисов Магжан Какарманович, ғылыми қызметкер, ҚД магистры;

Русяев Михаил Викторович, ғылыми қызметкер, биологиямагистры;

Кызкенова Айкөркем Жумагалиевна, кіші ғылыми қызметкер, т.ғ.магистры;

Нұрлан Гүлмарал, зерттеуші-стажер, т.ғ.магистры.

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы қызметкерлері ғылыми зерттеулермен айналыса отырып, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, сондай-ақ баяндамаларымен, мақалаларымен шетелдік басылымдарға да қатысады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда зерттеулер жүргізу үшін қызметкерлер жүйелі түрде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша курстарда оқып отырады.

a3744085fa6523fc9cd7a5e67e6dd6d1

Байланыс ақпараттары:

Зертхана меңгерушісі, ассоц., профессор Жарылқасын Жеңісбек Жарылқасынұлы.

Мекенжайы: Қарағанды қ., Гоголь көш., 40, кабинет 137, 139.

Тел.: 8(7212) 50-39-30 қосымша 1522,1344.

e-mail: nisgl@qmu.kz, zharylkassyn@qmu.kz, zhenisbekz@mail.ru.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік